«Ұлы дала елі» орталығында «Алтын домбыраны» салтанатты түрде орналастыру рәсімі өтеді

25410
Фотосурет: ҚР МСМ

30 желтоқсанда Түркістан облысының «Ұлы дала елі» орталығында «Алтын домбыраны» салтанатты түрде орналастыру рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жыл сайын азуын айға білеген, орақ ауыз, отты тілді айтыскер ақындардың басын біріктіріп, «Алтын домбыра» аламанын ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Биыл да дәл осы дәстүр жібін үзбей жалғасын тауып Х «Алтын домбыра» айтысы Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Осынау аламан айтыста кіл жүйріктердің арасынан суырылып, оқ бойы оза шыққан Бекарыс Шойбеков «Алтын домбыраны» жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының 2021 жылғы 2 қарашадағы №17 бұйрығымен бекітілген Республикалық ақындар айтысы ережесінің 3-тарау 22-тармақшасында республикалық айтыстың жеңімпазына табысталған «Алтын домбыра» ақынның туған өңірінде келесі жылғы жеңімпаз анықталғанша сақталады деп көрсетілген.

Осы ретте «Алтын домбыраның» бір жыл бойы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сақталуын қадағалау облыс немесе қала әкімшілігіне ұсынылып, аталған өңірде «Алтын домбыра» аясында түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды өткізіп, бірегей тарихи және мәдени мұрамызды дәріптеу, құндылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Салтанатты шараға Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман мен айтыстың әділқазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков және Министрліктің өкілдері қатысады деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -