ТЖМ журналистер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша екінші республикалық чемпионатын өткізді

18238

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу құрметіне  Нұр-Сұлтан қаласының № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша БАҚ қызметкерлері арасында II республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров ашты. Олар БАҚ-қа орасан зор еңбегі үшін алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Жарысқа «КТК», «Atameken business», «Еуразия» «бірінші арнасы», «МИР», «7 арна», «ТДК» телеарналары мен «Sputnik» ақпараттық агенттігінің өкілдері қатысты.

Жарыс басталар алдында өрт сөндірушілер өтетін жарысты көрнекі түрде көрсетіп, қатысушыларға толық нұсқаулық өткізді. Жарыс барысында қатысушылар өрт сөндіру жабдығымен жауынгерлік киімде берілген тапсырмаларды орындады және өздерін біраз уақыт өрт сөндірушілер нақты жағдайларда кездесетін жағдайлардағыдай әсер алып, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығының барлық қиындығы мен қауіптілігін сезінді.

Жарыс БАҚ өкілдерін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен таныстыру, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандықтарын дәріптеу, күш қолданылатын спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға жаппай тарту, кәсіби қызметте дене дайындығының рөлін арттыру мақсатында өткізілді.

Барлық командаларға түтін камерасынан, кедергілерден өтіп, зардап шегушіні тауып, құтқарып, өрт сөндіру оқпанымен жұмыс жасап, зардап шегушіге медициналық көмек көрсету тапсырмалары қойылды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Еуразия бірінші арнасының құрама командасы иеленді, екінші орынды 7 арна қызметкерлері алды, Атамекен телеарнасы үшінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен қатысушылар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -