Руслан Жақсылықов Қарулы Күштердің сержанттар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады

17996

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады,, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құрметті сержанттар! Қадірлі ардагерлер! Сіздерді «Сержанттар күні» мерекесімен құттықтаймын!

2021 жылы бұл күн алғаш рет кәсіби мереке ретінде бекітілді. Сонымен бірге биыл Қарулы күштердегі сержанттар корпусының құрылғанына 26 жыл толып отыр.

Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуде сержанттар құрамы маңызды рөл атқарып келеді. Қазіргі таңда сержанттар құрамы Қазақстан армиясының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Әскери дайындық, бөлімшелердегі әскери тәртіптің жағдайы және жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухы көбінесе сержанттардың кәсіби шеберлігіне байланысты.

Кіші командирлер буыны жоғары тұрған басшылық тарапынан қойылған кез келген жауынгерлік тапсырмалардың дер кезінде, сапалы орындалуының кепілі болып қала береді. Сол үшін де барлық санаттағы сержанттар құрамының беделі – әскеріміздің беделі деп білемін.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сержанттар корпусын жетілдіру мен дамыту жолындағы қызметтеріңізге ризашылығымды білдіремін!

Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын. Зор денсаулық, мол бақыт, қызметте табыс, отбасында ырыс пен ынтымақ тілеймін!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -