РХБ қорғау әскерлері күзетуде

18106

Биыл РХБ қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осыған орай ҚР ҚК БШ РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің аға офицерімайор Абуев Нұрлан Базаралыұлымен осы әскер түрінің құрылу кезеңдері, дамуы мен жетістіктері туралы сұхбат жүргіздік.

- 2022 жылы РХБ қорғау әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр, осы жылдар ішінде қандай өзгерістер орын алды?

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері РХБ қорғау әскерлерінің тарихы,  1992 жылы 2 шілдеде бірінші Қорғаныс министрінің шешімінен бастау алды. 

Қазақстан РХБ қорғау әскерлерінің құрамына бұрынғы ҚСРО-ың Қазақстанның аумағында орналасқан әскери бөлімдері мен мекемелері, РХБ қорғау әскерлері атауына өзгертілген химиялық қорғау әскерлерінің бірлестіктері мен бөлімдері кірді. Негізінен олар РХБ қорғау қару-жарақ пен құралдар қоймалары болған.

Кейінгі жылдарыРХБ қорғау әскерлері заманауи қауіп-қатерлерге байланысты трансформациядан өтіп, соның нәтижесінде қазіргі заманғы жағдайларда соғыс және бейбіт уақытында оларға жүктелген міндеттерді орындай алатын құрал-жабдықтармен жабдықталған және саны жағынан ықшамды әскери бөлімдер мен бөлімшелер болып табылады. 

Осы күндері өзіне ұйымдастырушылық жағынан әскери басқару органдары, орталық бағынысты бөлімдер және бірлестіктер мен әскери бөлімдерінің сапындағы РХБ қорғау әскерлерінің бөлімдері (бөлімшелері) қосатын, РХБ қорғау әскерлерінің оңтайлы құрылымы қалыптастырылған. Бұл бөлімшелер әртүрлі оқу-жаттығуларда және мақсаты бойынша міндеттерді орындау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен. РХБ қорғаудың қару-жарағы мен құралдарының қазіргі заманғы үлгілерімен толық қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта РХБ қорғау әскерлері – бұл жауынгерлік қамтамасыз етудің әскер түрлерінің бірі. Сондықтан ҰҚШҰ, ШЫҰ және химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (ХҚТҰ) шеңберінде өткізілетін халықаралық және ведомствоаралық оқу-жаттығуларға біздің бөлімшелер белсенді қатысатынын атап өту керек. Біздің бөлімшелерсіз ешқандай оқу-жаттығу өткізілмейді.

Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың сәуір айында өткізілген Қазақстан Республикасының барлық күштік мемлекеттік органдарының күштері мен құралдары тартылған «Батыл Тойтарыс-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы осының жарқын мысалы болып табылады.РХБ қорғау міндеттері ТЖМ және ІІМ, жергілікті атқарушыоргандарымен тығыз өзара іс-қимылды пысықталатынын атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда РХБ қорғау бөлімшелері мен бөлімдері қазіргі заманғы қауіп-қатерлер спектрінің кеңеюіне байланысты сұранысқа өте ие.

– Covid пандемиясына байланысты ТЖ режимін әлі ұмыта қойған жоқпыз. Қауіп азайғанымен, күдік әлі де бар. Бұл аралықта РХБҚ әскерлерінің, айталық, осындай қауіп-қатерлерге дайындықты арттыру үшін қандай өзгерістер болды?

РХБ қорғау әскерлері үшін, өзіңіз атап өткендей, короновирус инфекциясы кезеңі басылғанымен, бірақ бізге «тыныштық» кезеңі болған жоқ. Мысалы,2020 жылыМемлекет басшысының тапсырмасымен «биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» жайлы ҚР заңды әзірлеп, қабылдау туралы тапсырмасы болған. Соған байланысты РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің өкілі бірқатар мемлекеттік органдармен қосылып, сол міндетті орындап шықты. Covid инфекциясы сейілгенімен, әлемнің түкпір-түкпірінде басқа да инфекциялық аурулар туындауда. Олардың барлығына біздің тараптан жіті назар аударылуда. Мысалы, жақында бірқатар мемлекеттерде «маймыл шешегі» сияқты басқа ПБА-ның жаппай таралу қаупі бар.РХБ қорғау әскерлері үшін, «тыныштық» кезеңі әлі орнатылмаған деп айтуға болады.

– Өткен жылы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында РХБҚ мамандарының алғашқы түлектері қанат қаққан болатын. Қазіргі уақытта олар қызметте өздерін қалай көрсетіп жүр?

РХБ қорғау әскерлерінің кадрларын даярлау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады. Соңғы жылдары Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында РХБ қорғау әскерлерінің офицерлік кадрларын даярлау қолға алынған. Мәселен, 2021 жылы Қазақстан аумағында алғаш рет осы маманның офицерлері бітірді.

Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы запастағы офицерлерді бізде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында даярланып келді. Және соңғы бір-екі жылдың ішінде Қарағанды Мемлекеттік университетінде әскери кафедра запастағы офицерлерді дайындау басталды.

Жаңадан қатарға қосылған офицерлерді армияда әдеттегідей әскердегі бастапқы әскери лауазымдарға, яғниРХБ қорғау взвод командирлері лауазымдарына үйлестірілді. Бір жыл ішінде олардың командирлері тарапынан сөгіс, оғаш сөздер естіген жоқпыз.

- РХБ қорғаныс әскерлерінің алдағы дамыту перспективалары қандай?

РХБ қорғау әскерлері мамандарын жауынгерлік және арнайы даярлау әдістері мен тәсілдерін одан әрі жетілдіруін жоспарлап отырмыз, ал кейбір бағыттар бойынша шет елдердің Қарулы күштерінің тәжірибесіне қызығушылық бар.

Сондай-ақ, біз отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенмен өзара әрекеттесуді күшейтуді қарастырамыз. Бұл мәселеде әлі дамумүмкіндіктері бар. РХБ қорғау құралдары мен қару-жарағын құру, жаңғырту бойынша бірқатар перспективалық идеялар да баршылық.

Бұдан басқа, ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының елдің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді төмендету және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен тығыз жұмыс істейтін боламыз.

Қорытындылай келе, біздің қызметке қатысы бар әскерилер мен ардагерлерді кәсіби мереке – РХБ қорғау әскерлері күнімен құттықтаймын және Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыс тілеймін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -