2022 жылғы 7 қыркүйекте Алматы облысының «Тамғалы-Тас» шатқалында орналасқан "Жартасты қала – Астана" оқу-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Нұртасұлы Оразалиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жаттығудың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Кешенді тактикалық оқу-жаттығулар іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, жарысқа қатысушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру және дене даярлығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Жарыс «Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», "Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» 5 дистанцияларынан өтуді қамтиды.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің қатысуымен ТЖМ құтқарушыларының құтқару көпсайысы бойынша жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа құтқару бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушыларының командалары қатысады.
Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Ойлы-қырлы жерлер бойынша командалық эстафета» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтардан өтті.
Қазақстан Республикасы ТЖМ жедел-құтқару жасақтары арасында құтқарушылардың үздік командаларын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән кедергілері бар қашықтықтарды өту барысында Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші-құтқарушылар командаларын айқындауды құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың бас төрешілер алқасы жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының қолдауымен Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтері үшін мастер-тренинг өткізіледі.
Бұдан басқа, 8-9 қыркүйекте төтенше жағдайларды жою аумақтық басқармалары мен бөлімдерінің басшылары арасында оқу-әдістемелік семинар өткізу жоспарланған, онда қызметкерлерге төтенше жағдайларды жою саласындағы оқу-әдістемелік және дәрістік материалдар жеткізілетін болады, қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттарды білуіне сынақтар қабылданатын болады.
Жарыс 17 қыркүйекке дейін өтеді.