Ақтау гарнизонында Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамына жергілікті әскери басқару органдарының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Әскери теңіз базасының мәдени-демалыс орталығында өткен шараға Маңғыстау облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нығмет Ахметұлы, Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, Қарулы Күштерінің облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Қонақбаев, Ауған соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, Ақтау гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №292 бұйрығына толықтыру енгізіліп, 12 қыркүйек – естелік күні – жергілікті әскери басқару органдарының күні болып белгіленді. Бүгінгі таңда 104 жыл толып отыр. Тәуелсіздік алғанымыздан бері осы уақытқа дейін, Маңғыстау облысынан 45 000-ға жуық жастарымыз өздерінің азаматтық борыштарын өтеуге Қорғаныс істер жөніндегі депртаментінен жіберілген болатын.
Салтанатты шараны Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нығмет Ахметұлы әріптестерін мереке күнімен құттықтап, жеке құрамға жергілікті әскери басқару органдарының құрылу тарихына және жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
"Бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтаймын, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері Қарулы Күштердің толығуына едәуір үлесін қосып келеді. Сондықтан құрметті әскери қызметшілер еңбектеріңізге толайым табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз, күндеріңіз көркем болсын! Ұлан-ғайыр даламыздың тыныштығы мен халқымыздың бірлігі бекем, елдің қорғанысы мықты болсын" «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник Нұрлыбай Қонақбаев
Шара барысында жауынгерлік дайындық тапсырмаларын сапалы орындағаны және қызметтегі табыстары үшін ерекше көзге түскен әскери қызметшілер алғыс хаттармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.