Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Қазақстандықтар декларацияны қате толтыру салдарынан салық берешегін қалыптастырды

486

Мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктердің салдары туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндірді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларында жеке табыс салығы бойынша 759 млрд. теңге сомасында берешек қалыптасқан.

Декларацияларды талдау көрсеткендей, өздігінен салық салынатын табыс болмаған жағдайда, бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны азаматтар өз бетінше тексеру қажеттігі туралы ескертті. Қате толтыру анықталған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек.

Қателер түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банктік шотты жабуы мүмкін.

Декларацияны дұрыс толтыру сұрақтары бойынша тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -