Биыл Қазақтсан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика Күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл Президен Қасым – Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Тәуелсіздік алғалы бері 25 қазан «Республика күні» ретінде мерекеленіп келді. Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР – нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Республика күні елімізде 1992 жылдан бері тойланып келгенімен, мемлекеттік мерекелер қатарына тек 2001 жылы енгізілген. Алайда, 2009 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған еді.
Содан бері арада 13 жыл өткен соң, аталған мерекені қайта жандандыру мәселесі қарастырылып, Президент Қасым – Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын - Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», - деп мерекенің тарихи маңызын алға тартып, қайта жаңғырту керек екенін мәлімдеп, ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды.
Қасым – Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», - деді Мемлекет басшысы.
Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің дамуына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері елеулі үлес қосты.
Ел ішінде қоғамдық қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету кез – келген мемлекеттің тұрақтылығының басты басымдығы болып табылады. Ағымдағы жылғы «Қасіретті қаңтар» оқиғасы Ұлттық ұлан қызметінің қажеттілігі мен маңыздылығын тағы да дәлелдеді.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні елміздің халқына игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлім командирі полковник МаратРахпанов