ҚазҰУ студенттері «ҚР үздік студенті – 2022» байқауында жеңімпаз атанды

992

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі студенті «ҚР үздік студенті – 2022» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген республикалық байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан заң факультетінің 2-курс студенті Мұхаметжан Марлан мен 1-курс студенті Әпсейітов Арнұр қатысты. Қазылар алқасының шешімімен қос талант жүлделі 1-орынды иеленді.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясы бірлесіп ұйымдастырған байқауға еліміздің барлық өңірінен студенттер қатысты. Олар өздері жайлы жазған екі беттен кем емес автобиография мен диплом, алғыс хат сынды құжат көшірмелерін байқау ұйымдастырушыларына үш тілде жолдаған. Нәтижесінде ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент жастар іріктеліп, «ҚР үздік студенті – 2022» атты талантты студенттердің кітап-жинағына енді.

Жинаққа енген көшбасшы студенттер кітап таныстырылымына шақырылып, шара соңында қатысушыларға арнайы тағайындалған «ҚР үздік студенті – 2022» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, ҚР Тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітаптар табыс етілді. Сондай-ақ республикамыздағы үздік жастардың түрлі түсті электронды кітап-жинағы және студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -