Қазақстанның православтары Пасханы тойлайды

27368
Фотосурет: ПЖА

16 сәуір, жексенбі күні православие христиандарының басты мерекесі – Пасха аталып өтеді.

Мереке бүкіл христиан философиясының негізгі оқиғасы – Иса Мәсіхтің қасиетті жұмада Голгофа тауында айқышқа керілуінен кейін қайта тірілуіне арналған.

Сонымен қатар, Пасха 48 күнге созылған ең ұзақ христиандық оразаның аяқталуын білдіреді.

Жыл сайын Пасханың күні өзгереді, ол күн-ай күнтізбесі бойынша есептеледі. Мереке көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі ай толған соң бірінші жексенбіге сәйкес келеді. Сондай-ақ Пасха еврейлердің Песах мейрамымен сәйкес келмеуі тиіс.

Мереке қарсаңында Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды құттықтап, Пасханың ерекше рөлін атап өтті.

«Көпконфессиялы және көпұлтты Қазақстан халқы әрқашан Пасха мен Наурызды, Құрбан айт пен Рождествоны бірге қарсы алады – бұл еліміздің ежелгі, мейірбан дәстүрі. Қазақстан православтарын және осы жарқын күнді қымбат тұтқан барлық адамдарды ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мәсіхтің қайта тірілуі бізге толыққанды және дұрыс өмір сүруге – сүйіспеншілік пен жанашырлыққа, сену және кешіруге, алғыс айтуға, жақындарымыз бен туған еліміздің игілігі үшін жанқиярлықпен жұмыс істеуге күш береді» Қазақстанның Православие шіркеуінің басшысы митрополит Александр

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -