10-17 мамыр аралығында Орал қаласы БҚО аумағында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер және әйелдер құрамаларының оқу-жаттығу жиындары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жаттығулар БҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің № 4 ӨСБ оқу-жаттығу мұнарасы, Жастар және Атоян атындағы стадиондар аумағында өтті.
Жиынды өткізу және жаттығуға қатысу қорытындысы бойынша спортшылармен кездесу ұйымдастырылып, БҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Е.С. Өтегенов спортшыларға алдағы турнирде сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі, сондай-ақ, «Қазақстан Өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің директоры Д.Т. Данаев жиынды өткізуге көрсеткен көмегі үшін БҚО ТЖД гарнизонына Алғысын білдірді.
17 мамыр күні Ресей Федерациясының Волгоград қаласында ағымдағы жылдың 18-24 мамыр аралығында өтетін «Алтын шабуыл» Достық кубогының халықаралық турниріне спортшыларды шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.