Қарағанды облысында “Киберпол” арнайы бөлінісі жұмысын бастады

650
Фотосурет: Gov

Қарағанды облыстық полиция департаментінде киберқылмыстармен күресетін жаңа бөлініс өз жұмысын бастады. Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалистер кіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ киберкеңістіктегі қылмыстармен күресуге жетекші ІТ-компаниялардың бірінің мамандары мен ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері тартылып отыр.

“Киберпол” арнайы бөлінісінің жұмысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев танысты.

"Біз интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа тәсілін қолдануға шешім қабылдадық. Жәбірленушілердің арызы енді “бір терезе” қағидаты бойынша қабылданады. Жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер бір жерде қызмет атқаратын болады. Бұрындары жәбірленушілердің арызы бір адамнан екінші қызметкерге өтетін. Сөйтіп біз бұл аралықта 3-4 күн жоғалтатынбыз. Қазір жәбірленушілердің ақшасы басқа қолға өтпеу үшін бұғаттау жұмыстарын жасауға мүмкіндігіміз бар" ПД бастығы Санжар Әділов

“Киберпол” арнайы бөлінісі цифрлық лабораториямен жабдықталған. Бөліністегі мамандар гаджеттерді бақылау арқылы интернет-алаяқтар қолданатын бағдарламаларды да анықтай алады.

"Киберқылмыспен күресетін бөлімнің ашылуы – уақыт талабы. Интернет пен цифрлық технологиялардың өмірімізге сіңісіп кеткендігі соншалықты біз кей жағдайларда бірқатар сілтемелердің қаншалықты қауіпті екенін де аңғармай қаламыз. Полиция қызметкерлері тарапынан алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан, тұрғындарымыздың алаяқтардың құрығына түсіп жатқан жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан да бұл қылмыс түрімен күресуге жаңа тәсілдер қажет" Ермағанбет Бөлекбаев

Қазіргі уақытта аталған бөліністің жеткен жетістіктері де жоқ емес. Өткен аптада киберпол қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан екі қылмыстық топты құрықтады. Қарағанды облыстық полиция департаментінің өндірісінде алаяқтық дерегіне байланысты 400 қылмыстық іс бар.

Айта кету керек, соңғы 4 жыл ішінде облыста интернет-алаяқтарынан жәбірленушілерге келген шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құраған. Полиция бөлімдеріне тұрғындардан 5 мыңнан астам арыз түскен.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -