Дарынды балаларды қолдау: #BIRGEDAMYUSHIN байқауының қорытындысы

793

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 2023 жылдың 4 мамырынан 31 мамырына дейін Алматы қаласының мемлекеттік кірістер Департаменті Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментімен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің, УчетКЗ компаниялар тобының қолдауымен #BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылығы байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл байқауды өткізудің негізгі мақсаты дарынды балаларды қолдау, отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сондай-ақ балаларды салық салу, кеден мәселелеріне бағдарлау болып табылады.

Балалар байқауы аясында 280-нен астам балалар сурет салу мен қолөнердің түрлі техникасында 300-ден астам көркем-шығармашылық жұмыстар, сондай-ақ Tik-Tok және Vine бейнероликтерін ұсынды, сонымен қатар Аманат балалар үйі, Алатау Балалар үйі, №7 арнайы мектеп-интернаты және басқа да мамандандырылған мектептер қатысып, оларға негізгі байқаудан басқа қолдау ретінде жеке қайырымдылық көмек көрсетілді.

Байқау жұмыстарының жалпы санының 28% мемлекеттік кірістер органдарының «Салық- болашаққа инвестиция», «Кеден-балалар көзімен», «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» тақырыптары, 48% Антикордың «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» тақырыбы, ал 24% Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің «Ел болашағы балалардың қолында» тақырыбындағы жұмыстар құрады.

Барлық шығармашылық жұмыстар, суреттер, қолөнер және бейнелер балалардың шын көңілдерімен жасалғаны байқалып тұр. Балалар байқаудың арқасында салықтардың маңыздылығы мен бюджетті қалыптастырудың мәселесін, оның мектептер, стадиондар, жолдардың салынуына, жалақы мен зейнетақының бөлінуіне әкелетінін түсініп, чектің қарапайым талабын, сонымен қатар олардың сыбайлас жемқорлықсыз әлемге және гүлденген елдегі жарқын болашаққа деген көзқарастары қалыптасты.

Жұмыстар Үздік сурет, Үздік қолөнер, Үздік бейне (Tik-tok,Vine) номинациялары бойынша ұсынылып, 2023 жылдың 1-4 маусымы аралығында @Mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасында әрқайсысы өзінің санатында 4-9 жас, 10-13 жас, 14-18 жас аралығында көрермендердің дауыс беруі арқылы 1, 2 және 3 орын болып бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға велосипедтер, гироскуторлар, скутерлер және басқа да бағалы сыйлықтар, сондай-ақ Құрмет грамоталары табыс етілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -