Ұландықтар нашақорларды ұстады

12947
Фотосурет: Ұлттық ұлан

2023 жылдың 8 маусымы сағат 00:00-де елорданың «Есіл» ауданында қызмет атқарып жүрген жасақ бастығы – кіші сержант Зархан Сапарқұл, қатардағы жауынгерлер Сабыр Махат және Рамазан Сансызбаев Адырна көшесіндегі 25-үйдің  қоршауына жасырылған полиэтилен орамдарын алғалы жатқан З. және А. есімді азаматтарды ұстады. Белгілі болғандай, олар ақ түсті ұнтақ зат түйіншектелген 3 дана ораманы алуға келген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұдан әрі жедел-тергеу тобы шақырылды. Полиция қызметкерлері ұсталғандарды «Есіл» аудандық полиция басқармасына ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі  (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша тергеу үшін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -