Ақтөбелік ұландықтар дүкен ұрысын ұстады

4213
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбелік дүкендердің бірінде ұрлық жасамақшы болған қарақшыны қолға түсірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қызметтен үйлеріне қайтып бара жатқан әскери қызметшілер «Гүльзат» дүкеніне ұрлыққа түсіп жатқан қаскөйді байқайды. Ұрлық жасамақшы болған азамат әскерилерді көріп, қолындағы пышағын лақтырып, дүкеннен қашып шығады. Дегенмен ептілік және қырағылық танытқан ұландықтар ұрының ізін кесіп, қашуына жол бермеді.

Ұсталған заң бұзушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -