Ғалымдар Қазақстан тарихындағы жұмыс туралы айтып берді

13332
Фотосурет: e-history.kz

Жоғары білім және ғылым – 2023 форумы аясында «Қазақстан тарихының 7 томдығын дайындау туралы» секция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Түркістан қаласындағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі аясында академиялық басылымның ғылыми нәтижелерін сынақтан өткізу.

Кездесуге ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің басшылығы, отандық ғалымдар, қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жеті томның ғылыми жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды, пікірталас шеңберінде ғылыми айналымға еліміздің тарихы бойынша жаңа тарихнамалық дереккөздерді, мұрағаттардың жаңа материалдарын енгізу мәселелері талқыланды, бұл біздің ұлттық мақтанышымыз болып табылатын көпғасырлық тарихымыздың өзекті сұрақтарына жаңа көзқарас болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басталған «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» тақырыбында жаңа академиялық басылым халқымыздың мәдени кодының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ендігі кезекте ғалымдар, жұртшылық пен мемлекет алдында бірінші кезектегі міндеттердің бірі, жаңа академиялық басылымды жан-жақты зерделеу, түсіну және танымал ету үшін қажетті жағдайлар жасау тұр.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті бағдарламаны әзірлеушілерге бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Жетітомдық бұрыңғы барлық басылымдардың тұжырымдамалық қателіктері мен кемшіліктерін жоққа шығарып, Қазақстан тарихы бойынша барлық соңғы жаңалықтарды қамтуы, біздің территориямызда болып жатқан тарихи үдерістерді жалпы әлемдік контекстке органикалық түрде енгізуі, қайшылықты фактілер мен мифтік шығармашылықсыз елдің тұтас және объективті шежіресі болуы керек. Мәтіннің барлық жастағы оқырмандардың қабылдауы үшін жеңіл және қызықты болуы маңызды.

Аталған шаралардың барлығы қазақстандық тарих ғылымын кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -