Талдықорғанда Жеңіс парадына қатысқан әскери қызметшілер марапатталды

1771
Фотосурет: Gov

Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінде әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі алаңында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құрметті миссияны үлгілі орындағаны үшін әскери қызметшілерге өңір басшысының атынан алғыс білдіріп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Барлығы 35 адам көтермеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеудегі шеруде Қазақстанның атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37 бригадасының әскери қызметшілері қатысты. Салтанатты есептопты әскери бөлім командирі полковник Алмас Төлегенов басқарды. Оның құрамында 80 әскери қызметші болды. Оның ішінде 11 офицер, 24 келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызметтің 45 сарбазы бар.

 

– Әскерде төртінші жыл қызмет етемін. Биыл Қазақстан армиясының парадтық есептобы құрамында Қызыл Алаңдағы Жеңіс шеруіне қатыстым. Бұл мен үшін өте жауапты және құрметті миссия болды, – деп атап өтті кіші сержант Әлібек Манарбеков.

Астанадағы әскери парадқа қатысушы да өз әсерін жеткізді.

– Елорданың басты алаңында «Әйелдер есептобы» құрамында салтанатты сапқа тұру құрметіне ие болдым. Бұл мен үшін ұмытылмас оқиға. Ең бастысы, біз жетістікке жеттік, әрі оны мақтан тұтамыз, – деді қатардағы жауынгер Адина Қуанбекқызы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -