Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті бұзылған балалар жаңа клипке түсті

19899
Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарті министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанда алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін балалар кохлеарлық имплант қолданушыларының қатысуымен клип шықты. Біздің балалар «Қамажай» қазақ халық әнін орындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Ең алдымен айта кететін жайт, бұл бейнебаян есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар мен олардың ата-аналарына есту-сөйлеуді қайта қалпына келтіруде және одан әрі әлеуметтік ортаға бейімделуде табысқа жетуге үміт беретінін атап өткен жөн. Бұл балалардың үлкен жетістігі, ата - аналардың мақтанышы және еліміздің қуанышты жаңалығы» Орталық директоры Айгерим Кудеринова

Бүгінгі таңда елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 188 мың бала бар, оның ішінде есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар саны: 5443 бала. Бейнебаянға 37 қатысушының ішінен АИБД ҰҒПО-ның 9 тәрбиеленушілері және бір баланың анасы қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -