Жаңа өлшемдегі қылмыстық заңнама: сенатор Бекназаровтың конференцияда сөйлеген сөзі

6765
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері жаңа конституциялық өлшемде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутат өз сөзінде Сенаттың елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ Палата құқық саласындағы мемлекеттік органдармен және сарапшылармен бірлесе отырып, қоғам үшін өзекті заңнамалық өзгерістер жасауды одан әрі қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Әділет министрлігіне «қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу» үшін Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына ревизия жүргізу туралы тапсырма берді. Үкімет ағымдағы жылдың сәуір айында Мәжіліске қылмыстық заңнаманы оңтайландыруға бағытталған заң жобасын енгізген болатын. Бүгінгі таңда Парламент депутаттары құқық саласындағы сарапшылармен бірлесіп осы заң жобасын қарауда» Нұрлан Бекназаров

Конференцияға Конституциялық және Жоғарғы соттардың төрағалары мен судьялары, Бас прокуратураның, әділет және ішкі істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және ЕҚЫҰ-ның құқық саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.

Сенатор конференция соңында осындай көлемдегі шараны өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ бұл диалог алаңы конференцияға қатысушыларға Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін жетілдіру мәселелерін сындарлы талқылауға, пікір алмасуға және олардың тиімділігін арттырудың оңтайлы жолдарын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -