Қазақстан мен Ұлыбритания: жаңа деңгейдегі стратегиялық әріптестік

8558
Фотосурет: Ж. Жұмабекова / Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қарулы Күштер министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екіжақты және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жылдан асты. Айгүл Құспан осы уақыт ішінде елдеріміз стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне жеткенін атап өтті.

Біз сындарлы саяси диалог орнаттық және Жалпыпартиялық парламенттік ынтымақтастық тобы, Стратегиялық диалог, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес сияқты екіжақты ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін құрдық. 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Лондонға барса, биыл наурызда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келді. Осы сапарлар барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол жеткізді Айгүл Құспан

Өз кезегінде Джеймс Хиппи елдеріміз арасындағы сауда қатынастары алдағы уақытта да осы қарқынмен дами беретініне сенім білдірді. Тараптар басым бағыттың бірі – бітімгершілік күштерді даярлау аясындағы әскери ынтымақтастық екенін айтты.

 Сондай-ақ кездесуге Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мен Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэтрин Джейн Лич қатысты.

Талқылау нәтижесінде тараптар тұрақты байланыс пен ашық диалогты жалғастыруға, «жасыл» энергетика, цифрландыру, фармацевтика және өндіріс сияқты жаңа салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -