Алматыда гвардияшылар қарттарды құттықтады

13827
Фотосурет: "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

1990 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында Қарттар күні жарияланды және 1 қазанда бүкіл әлемде тойлана бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанда атаулы күн ресми мерекелер тізіміне енгізіліп, жыл сайын атап өтіледі. Осы айтулы күні қарттарға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Мысалы, 5571 Ұлттық ұланның Алматы әскери бөлімінде - әйелдер кеңесі мен Ардагерлер кеңесі қарттарға баруды ұйымдастырды. Оларға жедел бригада командирі полковник Бақдәулет Оспанбековтың атынан алғыс хаттар, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы табыс етілді.

Алматы әскери бөлімінің жеке құрамы барлық қарттар мен әскер ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ өмір және бақытты күндер тілейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -