Ынтымақтастық курсы: Қазақстан әскери журналистиканы дамытуда

16742
Фотосурет: Gov

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжатқа Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қол қойды. 

"Меморандум Қарулы күштердің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыру бойынша атқарылатын өзара іс-әрекетімізге серпін береді. Бұл ақпараттық жұмысты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді"  Сұлтан Камалетдинов

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов салалық әскери журналистиканы дамыту қажеттігін атап өтті. Аталған қызметтің үш бағытына ол ерекше тоқталды.

"Бұл әскери қызметтің, ақпараттық қауіпсіздіктің беделін арттыру, сондай-ақ жалған жаңалықтар мен ақпараттық шабуылдарға қарсы тұру. Меморандум бірлескен жұмысты ұйымдастыруды нақты айқындап береді"  Қанат Ысқақов

Бірлескен медиа-жоспарларды іске асырумен қатар, келісімде мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, «Әскер медиа» фестивалін өткізу, спикерлермен медиатренингтер өткізу, Қазақстан армиясы туралы сериалдар, деректі фильмдер мен имидждік бейнероликтер шығару және оларды көрсету де көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -