ҚазҰУ ғалымы «Жыл адамы» атанды

3542

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, Халықаралық еуразиялық телевизия және радио академиясының академигі, филология ғылымының кандидаты Мәншүк Мұқашева «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» республикалық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Марапаттау рәсіміне түрлі саладан үздік атанған мамандар жиналды. Салтанатты шарада «Жаңа Қазақстан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры М.С.Садыханов және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Б.Сатылғанов жеңімпаздарды құттықтап, арнайы диплом табыстады.

Конкурстың мақсаты – ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан, өз мамандығының хас шебері атанған азаматтар мен тұлғаларды халық арасында таныту.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  профессорын табысты жетістігімен құттықтаймыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -