Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Теміржан Танжанов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік туралы» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын білу және сақтау өте маңызды екенін еске салғым келеді. Мұздың беріктігі бір жаяу жүргінші үшін қалыңдығы кемінде 10 см. болатын жасыл түсті мұз. Бұқаралық спорттық және мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін 25 см. кем болмауы қажет. Ешбір жағдайда мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
Облыс аумағында жабдықталған мұз өткелдері жоқ.
2023 жылдың 21 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында Көшім каналына «Ларгус» маркалы автокөлігі белгіленбеген жерде мұз үстіне шығып, артынша мұз астына түсіп кеткен болатын. Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін «Ларгус» маркалы автокөлік иесі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 412-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған болатын.
Бүгінгі таңда облыстың су айдындарындағы мұздың қалыңдығы орта есеппен 20-25 см құрайды (Орал қ. Шаған өз. - 25 см, Деркөл өз. - 20 см, Жайық өз. – 20 см, Шалқар көл. – 23 см, Чапаев кенті Жайық өз. – 15 см).
Мұзда болған кезде рұқсат етілмейтін талаптары:
1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;
2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
5) от жағуға;
6) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға болмайды.
Мұз асты балық аулауды ұнататындар нені білуі қажет. Мұздың қалыңдығы 25 см. кем болған кезде мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары болған кезде жол беріледі: ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.