Қазақстанның орман ресурстары: Сенат сақтау шараларын талқылады

5115
Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шара орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, сондай-ақ оларды қорғау мәселелеріне арналған болатын.

Сенат комитетінің хатшысы Ольга Булавкина кездесуді аша келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуынан бастап табиғатты қорғау заңнамасына дейінгі өмірдің барлық салаларын қамтитындығын жеткізді және осы проблемалардың өзектілігін атап өтті.

«Біз осы санаттағы жердің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың басшылығымен бірнеше рет кездескен болатынбыз. Іс-шаралар қорытындысы бойынша ұсыныстар жіберілді, депутаттық сауалдар жолданды. Комитет депутаттары 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөнінде бастама көтерген болатын. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Алайда, Үкімет, мемлекеттік органдар және Парламент тарапынан жүргізіліп жатқан барлық жұмыстарға қарамастан ол аумақтарда шешілмеген мәселелермен қатар жаңа қауіп-қатерлер пайда болуда» Ольга Булавкина

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нұркен Шарбиев өз кезегінде саладағы ағымдағы ахуал, атқарылған жұмыстар және мемлекеттік органның жоспарлары туралы сенаторларға айтып берді.

Кездесуге Сенат депутаттары, мәслихат депутаттары, салалық министрліктер мен түрлі деңгейдегі әкімдіктердің өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -