Қарағанды облысының облыс орталығына 90 жыл: мерекелік іс-шаралар дайындалды

8712
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

10 ақпанда Қарағанды өңірінің облыс орталығына 90 жыл толады. Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні мерекелік іс-шаралар дайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Кеншілер мәдениеті сарайы, 17:00

"Қазыналы өлке – Қарағандым" Гала-концерті. Кіру тегін. Соңында КМС алдындағы алаңда лазерлік шоу өтеді.

"Шалқыма" концерт залы, 17:00

Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер және композитор Әли Алпысбаевтың "Қазақ елі" шығармашылық кеші.

Террикон алқабы IT-хабы, 16:00–23:00

Қалалық урбанистика орталығының мерекелік бағдарламасы.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 09:00-18:00

"Арқа төріндегі кенді қала" көрмесі.

"Алтын ғасыр" галереясы, 16:00

"Қарағанды 90" көрмесі.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, 10:00-17:00

Қарағандының құлағы нашар еститін суретшілерінің "Шабыт" көрмесі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -