Бірінші сыныпқа қабылдау басталады: ата-аналар нені білуі керек

4697
Фотосурет: freepik

Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау бойынша еgov.kz. порталында қызметті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл қызмет таяу уақыттарда қолжетімді болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. 

"Портал арқылы өтініш беру үшін келесі құжаттар талап етіледі: ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдердің өтініші; «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.  Бұдан басқа ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына барып өтініш бере алады"  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы

Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды. 

Қазақстандық мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -