Алматыда оқушыларды алғашқы әскери және технологиялық дайындау мәселелері талқыланды

6281
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкімдік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онда алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы оқытушылардың кәсіби құзыретін дамыту мәселелері, сондай-ақ оқу процесінде «Геотактика» бағдарламалық өнімін пайдалану перспективалары талқыланды.

Отырыста Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы запастағы полковник Ерлан Закиев және басқа да сарапшылар баяндама жасады.

Іс-шараға қатысушылар үшін қару-жарақ пен киім-кешек көрмесі ұйымдастырылды. Қарулы күштердің тарихы және Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Аталған іс-шара білім беру жүйесін дамытуға және оқытушылардың құзыреттерін кеңейтуге бағытталған. Бүгінгі таңда әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери қызметке даярлау сапасы және оқу орындарындағы әскери-патриоттық жұмыстың мазмұны соларға тікелей байланысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -