Нақты сектор кәсіпорындарында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы 2024 жылғы І тоқсанда өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, саудада, сондай-ақ көлік пен қоймада сақтауда дайын өнімге сұраныс артқанын көрсетті.
Осы жылдың ІІ тоқсанында құрылысты қоспағанда (біршама баяулауын), барлық салада сұраныспен байланысты жағдай жақсарады деп күтіледі.
Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында да экономикада шикізат пен материалдар бағасының өсуі баяулағаны, ал барлық салада өндіріс көлемінің артқаны байқалды.
Кәсіпорындардың мәліметі бойынша, 2024 жылғы ІІ тоқсанда барлық салада шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны төмендеп, дайын өнімнің бағасының өсу қарқыны баяулайды күтіледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласы есепке алынған жоқ, онда бағалар бұрынғы деңгейде сақталады.
Сауалнамаға сәйкес, ауыл шаруашылығында, саудада және өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемі артуы мүмкін.
Сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларынан барлығы 2,6 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский