«Халық заңгері»: Қазақстанның үздік заңгерлері тегін заңгерлік көмек көрсетеді

4675
Фотосурет: Gov

Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде республикалық ауқымда «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алды.

Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған.

Осы шара аясында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгерлік кеңес алды.

Шараны ҚР Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Параграф" Ақпараттық жүйесі қызметкерлері ұйымдастырды.

Шараға 1000-нан астам маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -