Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын өткізді. Аталған акцияны өткізу орны ретінде Қонаев қаласы Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының аумағы таңдалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара барысында балалар мен ересектерге суға батып бара жатқан адамды құтқару және оған алғашқы дәрігерге деійнгі комек көрсету бойынша демонстрациялық қойылым, өрт сөндіру және құтқару техникаларын ашық көрмесін көрсету ұйымдастырылды. Балалармен және олардың ата-аналарымен өрт қауіпсіздігі ережелері және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, балаларға осы ережелерді сақтауды үйретуге бағытталған судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білу бойынша конкурс ұйымдастырылып өткізілді.
Осындай іс-шаралар бүкіл облыстың аумағында өткізілді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.