СҚО-да топтық су құбырларын жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда

5500
Фотосурет: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңадан салынатын және қайта жаңғыртылатын су құбырларының жалпы ұзындығы 910 шақырым.

Бұл жұмыстар 251 елді мекенді сумен қамтамасыз ету сапасын арттырып, 340 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

«Бағдарлама аясында Соколов, Көкшетау, Булаев, Есіл, Преснов топтық су құбырларын қайта жаңарту мен жаңадан салуды қамтитын он ірі жоба іске асырылады. Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысында сенімді су жүйесін құруға және ауыз судың сапасын арттыруға бағытталып отыр» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -