Теміртауда оқушыларға арналған алғашқы IT-лагерь іске қосылды

12298
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында мектеп оқушыларына арналған алғашқы ІТ-лагерь ашылды. Мұнда кәсіптік бағдар беру, оқыту, жеке даму және тамаша демалыс сынды көп нәрсе біріктірілген, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақпараттық технологиялардың негіздерімен 10 күн ішінде 100 оқушы танысады. Оқу бағдарламалары екі топтың оқушылары үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын түрінде құрастырылған. 

8–11 жастағы оқушылар TinkerCAD-та 3D модельдеумен танысады, Scratch-те ойын құрумен, Studio 2.0-де онлайн лего-конструкторларды құрастырумен айналысады. 

12–15 жастағы балалар үшін Blender-де 3D модельдеу, Roblox-та өз ойын әзірлеу, медиа-контенті бар веб-парақша құру және жобалау өтеді. 

Күніне екі сағаттық спорттық жаттығулар қарастырылған. 

Күн тәртібінде этно- және экологиялық шеберханалар, шығармашылық шеберханалар, спорттық жарыстар, психологиялық тренингтер, бассейнге бару бар. Маусым соңында Қарқаралыға экскурсия.

Біздің ІТ-лагерь Теміртау әкімдігінің қолдауымен Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында ашылды. Бағдарлама ойын түрінде оқытуды, роболендті, бағдарламалауды, модельдеуді қарастырады. Күн сайын спорттық іс-шараларға екі сағат бөлінеді, қала бойынша экскурсиялар қарастырылған: мұражайға, қысқы баққа. Сондай-ақ, біз Қарқаралыға сапар шегуді жоспарлап отырмыз. Бірінші маусым қала әкімдігінің қолдауымен 10 күнге созылады, ол 100 адамға есептелген, шілде айында біз жұмысты өзіміз жалғастырамыз. Жыл сайын осындай лагерь ұйымдастыру жоспарда бар ІТ-лагерь басшысы Бекзат Ахметов

Лагерь жұмысы үшін Теміртау жоғары политехникалық колледжінің барлық инфрақұрылымы жұмылдырылған: ІТ-орталық, стадион, спорт залдары, асхана, арнайы құрылған этноаймақ. Лагерь қызметкерлері – оқу орнының педагогтары.

14 жастағы Александр Калинкин компьютерлік ойындар мен бағдарламалауды жақсы көреді. Ол демалысының бір бөлігін IT-лагерьде өткізуге шешім қабылдаған.

– Мен компьютерлік ойындарға қызығамын, бағдарламалау негіздерін өз бетімше үйренуге тырыстым. Лагерьде жаңа нәрсені үйренгім келеді, көңілді және пайдалы уақыт өткізгім келеді, жаңа достар тапқым келеді. Мұндай лагерьлер оқушылар өздерінің болашақ мамандықтары туралы шешім қабылдауы үшін қажет, – дейді № 27 Теміртау мектебінің оқушысы Александр Калинкин.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -