Астанадағы Сарыарқа даңғылының учаскесі жөндеуге жабылады

4202
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде Сарыарқа даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 23-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске Сарыарқа/Абай және Сарыарқа/Сейфулин қиылыстарын қоса алғанда, толығымен жабылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -