Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетін басқарды

4367
Фотосурет: UKIMET 

Енді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметін Ғиззат Байтұрсынов атқарады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 15 шілдеде ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды" UKIMET 

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д. А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған. 2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары-цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ЦДИАӨМ электрондық өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -