Маңғыстау облысының соты құны 3,1 млрд теңге болатын учаскені мемлекеттік меншікке қайтарды

3949
Фотосурет: freepik

Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгенін анықтады. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының "Коса Ада" аумағында орналасқан учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделгені анықталды.
Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -