2024 жылғы Олимпиада: садақ ату жарысы ертең басталады

4147
Фотосурет: olympic.kz| Sabirov Sali

Ертең, 25 шілдеде Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады.

Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.

Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -