Цифрлық даму министрі Shymkent Hub ашты

17468
Фотосурет: Gov

Бүгін Шымкент қаласында өңірлік технопарк іске қосылды. Жаңадан ашылған Shymkent Hub – Astana Hub басқаруындағы 15-ші өңірлік хаб, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оның негізгі мақсаты – технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саласы мен цифрлық білім беруді дамыту.

Іс-шара аясында Tolem, ⁠Alaqan, Digital cargo мен ⁠iUtest сияқты еліміздің ірі IT- стартаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар TechOrda бағдарламасы шеңберінде IT-компаниялар, робототехника мектебі мен жеке IT-мектептер және Шымкент қаласындағы инновациялық жобалардың жұмысы көрермен назарына ұсынылды.

«Shymkent Hub-тың ашылу салтанаты – тек Шымкент қаласындағы маңызды оқиға емес, Қазақстанның IT-саласын дамытудағы айтулы кезең. Осы жылдың соңына дейін бұл тәжірибені еліміздің барлық аймағында іске асыруды жоспарлап отырмыз. Мұндай орталықтар инновация катализаторына айналып, жас таланттар жарқын идеяларын жүзеге асыру үшін ең үздік тәжірибелер мен ресурстарға қол жеткізе алады. Бұл бастама өңірлердегі талантты мамандарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жаңадан ашылған IT Hub Шымкент қаласында инновациялық және технологиялық жобаларды дамытуға серпін беретіні сөзсіз» Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму министрі

Shymkent Hub қабырғасында Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламалары жүзеге асырылады. Мұнда митаптар, Pizza Pitch, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle және IT-қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ететін басқа да көптеген түрлі іс-шара өтеді. Инкубациялық кезеңде стартап-жобаларды құру барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша білім мен инвестиция тартуда қолдау алып, қаржылық есеп жүргізу және басқа да қажетті дағдыларды меңгереді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -