Ұландықтар оқ ату жарысының қола жүлдегерлері атанды

19613
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2024 жылғы 12-14 қыркүйек аралығында Жетіген кентінде орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ХІ Спартакиадасы шеңберінде жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарысқа еліміздің түрлі күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Аталмыш дода әскери қызметшілер мен тәртіп сақшылары арасында бәсекелестік пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Биылғы жылы жарыста сегіз күштік құрылымнан, сондай-ақ жиырма полиция департаментінен мергендер бақ сынады. Бұл іс-шараның кең ауқымын, оның құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында спорттық рух пен командалық жұмысты қалыптастырудағы маңыздылығын айқындады.

Ұлттық ұлан құрамасы сайысқа үш үміткермен қатысып, атыс кезінде олардың үшеуі де үздік нәтиже көрсете білді. Нәтижесінде командалық есепте ІІІ орын иеленді. Бұл жетістік - ұландықтардың жоғары дайындығын, жауынгерлік рухы мен жеңіске деген жігерін білдіреді.

Атап айтқанда, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының майоры Руслан Рахымжанов ПМ-4 жаттығуында үшінші орын алды. "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан келген қатардағы жауынгер Наурыз Басаров та ПМ-6 жаттығуында үшінші орынды иеленді. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғаған ефрейтор Эльмира Құлқаева да ПМ-5 жаттығуында жоғары көрсеткішпен үшінші орынға ие болды.

Осылайша қорытынды есепте сұр мергендер Ұлттық ұлан құрамасын үздік үштікке шығарды.

Ату жарыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыруға ықпал етіп қана қоймай, әртүрлі құрылымдар арасындағы байланысты нығайтады. Мұндай іс - шараларға қатысу дене шынықтыруды, тәртіпті және өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. Бұл біздің қызметіміздің маңызды аспектісі болып табылады Жүлдегер майор Руслан Рахымжанов

Қорыта айтқанда, ҚР ІІМ-нің ХІ Спартакиадасы барлық қатысушылар мен көрермендер үшін спорттың салауатты өмір салтын қалыптастыру және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығын арттыру құралы ретіндегі маңыздылығын атап өткен жарқын оқиға болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -