АЭС қауіпсіздігі: жас мамандар не ойлайды

21923
Фотосурет: Nkai.kazatomprom.kz және t.me/mangystau_news

Атом энергетика саласында жұмыс істейтін жас маман Маржан Елтизарова елімізде АЭС салуға қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол – Маңғыстау атом электр комбинатында БН-350 реакторлық қондырғысының техникалық қолдау көрсету бөлімінің инженер-технологы.
«Жас маман ретінде мен АЭС салуды қолдаймын. Менің ойым - түзу. Атом энергетикасы – сенімді, тұрақты энергия көзі. Әлемде көптеген елдер атом энергетикасын пайдаланады» Маржан Елтизарова

Маржанның сөзінше, АЭС – ең тиімді, таза энергия өндіру көзі.

«Біз білетін әлемдік 17 тұрақты даму жоспары бар. АЭС құрылатын болса, біз жетінші тұрақты даму жоспарын, таза энергия көзін қолданамыз. Бұл – ең тиімді, пайдалы, шығыны өте аз болатын энергия көзі. Жерден көмір қазғанда ауа, су, климат ластанады, ал АЭС салынса, қоршаған орта барынша таза болады» Дейді жас маман

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -