Кәсіби мерекелерін атап өтті

14201
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

4 қазан - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Зымыран әскерлері мен артиллерия күні. Осыған орай Аягөз гарнизоны 10181 артиллериялық әскери бөлімінің жеке құрамы саптық алаңда  атаулы күнді салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осындай  айтулы күн аясында Аягөздік артиллерия құрамасының басшылығыда өз бағынысындағы жеке құрамды сап алдында құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

 Мерекелік шараға арнайы келген Қарулы Күштер ардагерлерімен гарнизондағы әскери бөлім командирлері жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеп, өз ақ тілектерін білдірді.

"Бүгінгі кәсіби мерекеміз сапта тұрған әр жауынгерге ерекше көңіл беретініне сенімдімін. Себебі бұл нағыз артиллеристтердің мерекесі. Осы мереке аясында баршаңызды құттықтап, еңбектеріңізге табыс тілеймін" 10181  әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Бауыржан Назымбеков

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -