Еліміз жас болса да, гүлденіп көркейіп келуде.
Мемлекетіміз өзінің шекараларын бекітіп, ішкі саясатын тұрақтап, сыртқы саясат бағытында үздіксіз қызмет атқаруда. Осы орайда мемлекетіміз әлемдік деңгейдегі біршама ұйымның қатысушысы болып саналады.
Ал барлығымыз білетіндей, бұл ұйымдарда жыл сайын арнайы жиналыстар өткізіледі. Бүгінде Астана қаласында өткізілетін саммиттерде әрдайым Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мәселен, осы жылы болған Шанхай ыңтымақтастық ұйымының саммиті кезінде Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451, 5516, 5510 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, абыроймен қызмет атқарды. Міне, қазіргі уақытта араға біршама уақыт салып қарағандылық және көкшетаулық ұландықтар Астана қаласында өтетін ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек. Осы орайда біз де әскери қызметшілердің, қызметке деген дайындығы қандай болады екенің көріп қайттық.
Ең алдымен біз Қарағанды қаласында орналасқан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің қызметке дайындығын көруге бардық. Әскери бөлімде жүрген сәттіміз де «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков жеке құрамның дайындығын тексеріп қайтты. Тексеріс барысында біз жеке құрамның қызметке сақадай сай екендігін көрдік. Әрбір сарбаз бен әскери қызметшілерден қолдарына ұстаған әскери киімдері мен арқаларына арқалаған сөмкелерін байқадық. Әскери қызметкерлер өздерімен арнайы стендтер, газет журналдар апара жатыр екен. Иә, әрине, қызметтен келген сарбаздар бос уақыттарында газет журналдар оқып, өздеріне керек ақпараттарды алады. Ал жеке құрамның дайындығын тексеруге келген генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков әскери қызметшілерге сәттілік тілеп, өзінің қосымша тапсырмаларын жеткізді. Осылайша біз бірінші күні әскери қызметшілердің қызметке деген дайындығы қандай деңгейде екенің көрдік.
- Біздің ұландықтар Астана қаласына әрбір үлкен іс-шара өткен сайын қызмет атқару үшін шығып тұрады. Бұл жолы да біз атқаратын қызметке сақадай саймыз, біздің ұландықтар өздеріне берілген аймақты толық зерттеп қызметке толық дайындалды, - деп атап өтті 5451 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ғабит Өміржан.
Әскери қызметшілердің дайындығы толық жүргізілген соң, әскери қызметшілер Астана қаласына жолға шығуға дайындалды. Түнгі уақытта жүргізушілер жол жүретін көліктерді дайындап, қызметке кірісті. Таңғы 4:30 шамасы әскери бөлімдегі күйбең тіршілік, таңғы уақытта қала көшелерінде болатын күйбең тіршіліктен кем емес екенің байқадық. Ұйқыларынан жаңа тұрған әскери қызметшілер, бірден жуынып, киімдерін киіп, бір қатарға сапқа тұрды. Бір мезетте әскери бөлім командирі, саптың алдына шығып өзінің бұйрығын жеткізіп, әскери қызметшілерді әр көліктерге отырғызуға тапсырма қойды. Әрбір әскери қызметшілер бұйрық түскен сәтте, кезектесіп өз көліктеріне отырып жол ұамына кірісті. Таңғы 5:30 кезінде болып жатқан бұл күйбең тіршілік тек Қарағанды қаласындағы әскери бөлімде емес, сонымен қатар Темірау және Көкшетау қалаларында да қайталанған еді.
Таңғы 5:40-та ұйқылы-ояу отырған біздің топ әскери қызметшілермен бірге Астана қаласына қарай бет алды. Әскери қызметшілердің негізгі қызметі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болса, біздің қызмет сол атқарылған тапсырмаларды фото мен видеоға түсіру. Әскери қызметшілер Астанаға 15-ке жуық көлікпен жол тартты. Бірінің артынан бірі келе жатқан, көліктерді әскери полиция өкілдері бастап жүрді. Қарағанды мен Астана арасы 200 шақырымды құрағанымен әскери қызметшелер Астана қаласына сағат 12:00-ге қарай жетті. Алыс жолды еңсеріп келген әскери қызметшілер, бірден өздерінің тұрақты орнына тұрақталып, алып келген қызметке қажетті заттарды өз орындарына жайғастырды. Қарағандылық ұландықтар өз заттарын жайғастырып болған соң, елордамыз Астанаға көкшетаулық және Теміртаулық ұландықтардың көліктері келіп тоқтады. Аталмыш әскери топтарда елордамыздың тыныштығын қамтамасыз етуге келген болатын. Көкшетау мен Теміртауда келген әскери қызметшілер де өз заттарын өз орындарына жайғастыруға бірден кірісіп кетті. Барлығын реттеп болған әскери қызметшілер сағат 13:30 кезінде түскі ас ішуге кірісті. Бірінші күні тек қызметке шығуға дайындық жасаумен өтіп кеткендіктен, жолдан келген ұландықтар кешкі асты 19:30- да ішіп, 21:30-да ұйқыға кірісті. Себебі келесі күні арнайы таралыммен қызмет күтіп тұрған еді. Міне, алыс жолды еңсеру мен бірге қызметке дайындық пен күннен кейін ұландықтардың ұйқысы тыныш болды.
Келесі күні таңғы 6:00 шамасында «Рота ұйқыдан тұр!» деген пәрмен беріліп, әскери қызметшілерді ұйқыларынан басқарушы құрам офицерлері оятып алды. Ұйқыларынан тұрған сарбаздар бірден жуынуға арналған заттарын алып, жуыну бөлмесіне қарай бет алды. Жуыну бөлмесінен шығын жатқан ұландықтар бірден киімдерін киіп, таңғы ас ішуге қарай асханаға бет алды. Жаңа күн жаңа леппен басталғанын біз осы жерден байқадық, себебі күннің шыққан сәтінен бастап басқарушы құрам офицерлері бұл күннің маңызды екенің, бүгін алғашқы қызмет күні екендігін атап өтті. Таңғы ас ішу сәтінде біз де сарбаздардың арасына отырып әңгімелесе кеттік. Сарбаздардың көңіл күйі керемет, қызметке деген дайындықтары жоғары екенің айтып, біз қырағылық танытсақ екен деген үлкен құлшыныс пен қызметке кіріскілері келіп тұрғаның байқадық. Бұл тіпті керемет дүние екен. Ер жігіттің отаның қорғаймын, халықтың тыныштығын қамтамасыз етемін деген сөздері бізді де жігерлендіріп жүрегіміздегі патриоттық сезімді ұлғайта түсті. Таңғы астан соң, әскери қызметшілер алаңға шығып жиналып, көліктерге қайта жайғасты. Қала көшелері күйбең тіршілік, ал әскери қызметшілер болса, 5573 әскери бөлімінде өтетін, таралымға бет алып барады. 5573 әскери бөлімінің бақылау өткізу пунктіне де жеттік. 40 минут бойы Астана қаласының көшелерін жүріп келсек те, сарбаздарда еш шаршау білінбейді. Әскери бөлімге келе салып, ең алдымен түскі асты ішіп алып, содан кейін бөлімнің клубына барып бейнефильм тамашаладық. Бір мезеттен салтанатты таралым үшін саптық алаңға бардық. Қасымызда Ішкі істер министрлігінің өкілдері де тұр. Жалпы алғанда әртүрлі күштік құрылымның адамдары жиналған. Саптық таралым әнұранмен басталып, бұйрық беріліп салтанатты шерумен аяқталды. Таралым аяқталған соң, ұландықтар бірден қызметке кірісіп өздеріне берілген аймақтарға жөнелтілді. Біз де, өз кезегімізде ұландықтардың қызметтерін сырттан қарап, әрбір аймақты аралап жүрдік. Біздің жазған бұл деректеріміз қызметке келген ұландықтардың тек екінші күні ғана, ал біздің ұландықтар Астана қаласында 8 күн болатыны белгілі. Осы 8 күн аралығында жауынгерлер қырағылық танытып, өз қызметтерін адал атқарады деп сенеміз. Осы ретте оларға сәттілік тілеп, қызметтерін абыроймен атқаратындарына сені білдірдік.
Лейтенант Бақдәулет Манарбек