Түркістан облысында патриотизмге тәрбиелеу

20053
Фотосурет: Gov

Түркістан облысында азаматтарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктін аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Қуаныш Кулумбаев жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Ертай Кенжебекұлы әскери пункттегі жатын орындары мен тамақтану сапаларын бақылап, әскерге шақырылушылармен кездесті.

– Туған жер мен отанды қорғау – әр жігіттің ең әуелгі азаматтық міндеті. Отаншылдық пен өжеттілікті серік етіп, әскери өмірмен және еліміздің 20 облысынан жиналған өздеріңіз секілді шақырылушылармен танысасыздар. Қызығушылық болса, әскери құрылымдарда жұмыс істеуге баспалдақ болады. Отан алдындағы борышты абыроймен атқарып, жақындарыңызбен қауышуға тілектеспіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -