Ұландық халықаралық ән байқауында жүлделі орын алды

5181
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Мәскеуде өткен халықаралық «Романсиада-2024» ән байқауында Ұлттық ұлан қызметшісі Асқар Рысбек жүлделі ІІ орын иеленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

1996 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын ән байқауында әлемнің сегізден астам мемлекетінен келген қатысушылар бақ сынады. Солардың ішінен оза шауып, жүлделі орын еншілегендер қатарында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің қызметшісі Асқар Рысбек да бар. Еліміздің абыройын асқақтатып, өз өнерімен күллі жұртты сүйсіндірген азамат әскери бөлімдегі мәдени-демалыс орталығының «Генерал» тобының жас әншісі.

Байқауда дарынды орындаушылар классикалық романс жанрындағы шығармаларды орындап, өнерсүйер қауым мен қазылар алқасын өз шеберліктерімен тәнті етті. Асқар Рысбек өзінің ерекше даусымен, сахналық шеберлігімен көзге түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

"Шығармашылық жолымда мені қолдағандардың барлығына терең ризашылығымды білдіремін. Әсіресе Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Ансаған Балтабековке сенім мен қолдау көрсеткені үшін  алғысым шексіз. Мен бұл жеңіс менің жеке еңбегім ғана емес, сонымен қатар біздің әскери бөлімнің мәдени – демалыс орталығы ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі екенін түсінемін" Рысбек Асқар

Айта кетсек, Рысбек Асқар - халықаралық республикалық байқаулардың лауреаты. Ресейдің Челябинск қаласында өткен «Орфей» халықаралық конкурсының және Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен VIII «Среднеазиатская романсиада» конкурсының  жеңімпазы.

Асқар Рысбектің халықаралық байқаудағы жеңісі - бұл талант, табандылық және музыкаға деген сүйіспеншіліктің үлкен жетістіктерге жетелеуінің жарқын көрінісі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -