Облыстық маңызы бар жолдарда қар күреу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қар тазалау жұмыстарына «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жалпы 59 арнайы техника және 170-ке жуық адам жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта жолдар қардан тазаланып, тұрақты көлік көзғалысы қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ кәсіпорын тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылған.