Абайлаңыз! Салық органдары басшылығының атынан жалған тарату

3476
Фотосурет: pixabay.com

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Департамент) Департамент пен аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылығының атынан жалған хабарламалар жіберетін алаяқтардың белсенділігі қайтадан артқанын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, электрондық пошта, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жіберетініне назар аударамыз.

Осыған байланысты, Департамент азаматтар мен кәсіпкерлерге аса қырағылық танытуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын Департаменттің немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге кеңес береді.

Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және Департаменттің ресми сайтында немесе @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram аккаунтында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -