Telegram-арна қалай бопсалау құралына айналды: Қазақстанда атышулы ұстау

3135
Фотосурет: freepik

18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. 

Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. 

Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -