Шымкентте мерзімдік әскери қызметін өтеген сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды

3476
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

24 желтоқсанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 2023 жылдың 2-ші шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Барлығы еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген 150-ден астам мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне жіберілуде.

Іс-шараға әскери бөлім басшылығы, ардагерлер және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Отанға қызмет еткені және адалдығы үшін сарбаздарымызға ізгі тілектер айтылды. Командирлер жауынгерлердің әрқайсысы қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау арқылы елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқанын атап өтті.

Жауынгерлік дайындықтағы және үлгілі әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін қызмет барысында ерекшеленген сарбаздар грамоталармен және төсбелгілермен марапатталды, олардың ата-аналарына алғыс хаттар жіберілді. 48 сарбаз жоғары оқу орнына тегін білім алуға грант сертификаттарын алды.

- «Бүгін біз өз міндеттерін лайықты орындаған қарулас бауырларымызды шығарып салып отырмыз. Сіздер үлкен отбасының бір бөлігі болдыңыздар және өздеріңіз туралы тек жағымды естеліктер қалдырдыңыздар», - деп атап өтті әскери бөлім командирі командирі подполковник Нұрлан Сакибеков әскери қызметшілерге арнаған сөзінде.

Сарбаздар өз кезегінде командирлері мен қарулас достарына алғыстарын білдірді. «Ұлттық ұландағы қызмет біз үшін үлкен өмір мектебі болды. Біз әрбір азаматқа парыз болған қасиетті борышты Ұлттық ұлан қатарында атқарғанымды мақтан етемін», - деді қатардағы жауынгер Әлімжан Ғалымжанұлы.

Салтанатты рәсім соңында әскери бөлім жауынгерлері мерзімдік  әскери қызметін аяқтаған сарбаздар алдында салтанатты шерумен өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -