Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Петропавлдағы бөгетті қайта жаңарту

6182
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова Петропавл қаласындағы Подгора шағын ауданында бөгетті қайта жаңарту барысымен танысты. 1960 жылы салынған бұл құрылыс қаланы су тасқынынан қорғауда шешуші рөл атқарады. Дәл осы шағын аудан өткен жылғы су тасқыны кезінде жүздеген үйлер мен инфрақұрылым нысандары зардап шеккен болатын, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Бөгетті қайта жаңғырту аясында қорғаныс құрылысының биіктігі 4,5-тен 7 метрге дейін, ал ені 3-тен 6 метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, бөгет 300 метрге ұзартылып, нығайту үшін 205 мың тонна инертті материал пайдаланылды. Қазіргі уақытта мердігерлер бөгетті бетон плиталарымен нығайту жұмыстарын аяқтауда. Жобаның құны 851 миллион теңгені құрайды.

Әсем Рахметова бөгетті қайта жаңарту жұмыстары су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ауқымды істің бір бөлігі екенін атап өтті. Өңірде тағы сегіз бөгет қалпына келтіріліп жатыр. Бұл болашақта көктемгі су тасқынының салдарын болдырмауға мүмкіндік береді.

«Биылғы жылы өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілді және бұл шаралар адамдар мен мүлікті ықтимал табиғи апаттан қорғауға бағытталған», - деп атап өтті депутат.

Аталған жоба мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған болатын. Президенттің «Ана тілі» газетіндегі сұхбатында да апаттардың алдын алу мен азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту жолында инфрақұрылымды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -