Бүгін Жаңаөзен қаласындағы Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлім қатарына осыдан бір ай бұрын қосылған жас сарбаздар үшін маңызды күн болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Неге десеңіздер олар өмірлерінде алғашқы рет қолдарына жауынгерлік қару алып, АК-74 қаруынан ату жатығудан өтті. Бұл шара 5548 әскери бөлімінің оқу орталығында ұйымдастырылды.
Өткізілген оқу – жаттығу сарбаздардың қару-жарақпен жұмыс істеу қабілетін арттырып, әскери дайындықтарын нығайтуға бағытталды.
Атыс дайындығы барысында жас сарбаз жас сарбаз қатардағы Давлатбек Абдужалилов, өзінің алғашқы әсерімен бөлісті:
"Алғашында аздап қобалжыдым, бірақ командирлердің нұсқауы мен қолдауының арқасында өзімді сенімді сезіндім. Оқ атқан сәтте бойымды ерекше жауапкершілік пен мақтаныш сезімі биледі. Әскерге келгелі атыс өнер дайындығынан үйренген біліміміздің нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Бұл жаттығу бізді одан әрі шыңдай түсті" Давлатбек Абдужалилов
Ату жаттығудан кейін сарбаздардың нәтижелері бағаланып, сарбаздардың қате кеткен жерлері бойынша нұсқаулық беріп, қатемен жұмыс шаралары жүргізілді. Оқу пунктінің бастығы жас сарбаздардың алғашқы ату-жаттығуын жоғары бағалап, алдағы уақытта дайындықтарын одан әрі жетілдіру үшін жұмыстар жүргізетіні жөнінде айтты.
Ұлттық ұлан әскері жастарға тәртіп, жауапкершілік сондай-ақ Отанға деген адалдық сезімін дарытады. Бұл алқашқы жаттығулар сарбаздардың жауынгерлік дайындықтағы алғашқы қадамы болып табылады.